Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, көтерме бағаның жалпы индексі 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 110,3%, ал 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,6% болды.
Бағаның төмендеуі
Электр тұрмыстық тауарлар мен радиоаппаратура сегментінде бағаның төмендеуі байқалды. Бұл санаттағы индекс 2025 жылғы сәуір деңгейіне шаққанда 93,8%-ды құрап, техника бағасының көтерме нарықта арзандағанын көрсетті.
Баға өскен негізгі санаттар
Қалған сегменттерде баға өсімі тіркелді.
Азық-түлік тауарлары ішінде ет және ет өнімдері 15,1%-ға, сүт өнімдері 15,9%-ға, қант пен кондитерлік өнімдер 14,7%-ға қымбаттады.
Жанармай бағасы да өсті. Бұл сегменттегі индекс 114,6%-ды құрады. Бензин 17,8%-ға, сұйытылған газ 25,3%-ға қымбаттаған.
Цемент бағасы 18,6%-ға, бетон және гипс өнімдері 3%-ға өсті.
Көтерме бағаның ең жоғары өсімі Ақтөбе облысында тіркелді - 148,7%.
Одан кейінгі орындарда:
– Ұлытау облысы - 113,6%;
– Батыс Қазақстан облысы - 112,6%;
– Шымкент - 110,3%;
– Астана - 107,3%;
– Алматы - 106,3%.
Орташа көтерме бағалар:
– тауық еті - 1 377 теңге/кг;
– шұжық және шұжықша - 2 410 теңге/кг;
- сүт - 599 теңге/л;
– қаймақ - 2 312 теңге/кг;
– сары май - 5 100 теңге/кг;
– ірімшік - 4 384 теңге/кг;
– күнбағыс майы - 850 теңге/л;
–ұн - 280 теңге/кг;
– күріш - 469 теңге/кг;
–қант - 416 теңге/кг;
– шай - 4 412 теңге/кг;
– ауыз су - 276 теңге/л;
– дизель отыны - 368 008 теңге/т;
– сұйытылған газ - 122 742 теңге/т.
Айта кетейік, азық-түлік бағасын енді жасанды интеллект бақылайды.