Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Бұл тұрғыда жалпы мәселе интернет-коммерция болып табылады. Осы жерде Интернеттегі электрондық төлемдер белсенді алға жылжытылатын болады. Ол үшін «Электрондық сауда туралы» Заң қабылдау көзделуде, техникалық құрамдаушылар құрылады, оның ішінде онлайн-төлем жүйесі, логистикалық каналдар және курьерлік сауда қамтылмақ»,-деп түсіндірді министр.
Бұған қоса, ведомство басшысы министрлік «зияткерлік көлік жүйесін» дамытатынын атап өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенде ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйені енгізбек. Жалпы алғанда көптеген мемлекеттік органдар өздерінің салаларын дамыту үшін ақпараттық ресурстарды белсенді түрде алға жылжытуды көздеп отыр.