Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарланды.
Байқауды ұйымдастырушылар - Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы, «Самұрық-Қазына» Корпоративті университеті» және Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты (ӘСЗИ-Қазақстан).
Байқаудың мақсаты - өз қызметкерлерінің сенімінен шыққан компанияларды және ҚР-ның жұмысқа қабілетті азаматтарын өнегелі жұмыс беруші ретінде мадақтау, сондай-ақ, HR-мәдениетті қалыптастырып, осы бағытта жоғарғы стандарттарды орнатып, материалдық емес ресурстардың дамуы маңыздылығын түсінетін компанияларды ынталандыру.
"Қазақстан нарығында қызмет көрсететін жекеменшіктің түрлі үлгідегі, әр түрлі саладағы ұйымдары мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары байқаудың қатысушылары бола алады. Сондай-ақ, филиалдар мен компанияның еншілес ұйымдары Байқауға қатысу құқығына ие",- деді «Сенім 2010» жобасының жетекшісі Елена Проценко. Оның айтуынша, байқаудың «Сенім» деп аталуы іс-шараның басты идеясын бейнелейді. "Байқау Алматы және Астана қалаларымен қатар, Қазақстанның 14 аймағында өткізілетін болады. Кімнің ең үздік деп танылатынына алдын-ала өткізілетін әлеуметтік зерттеу жауап бермек. Үш мыңнан аса адамнан сұрақ-жауап алынатын болады. Байқау «Ең белсеңді жұмыс беруші» (6 орын) және «Ең үздік HR-жобасы» (1 орын) аталымдары бойынша өткізіледі", - деді Елена Проценко.
Қазақстандықтарға әр түрлі сұрақтар қойылмақ - қызметкерлер компанияның дағдарыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік саясатына қалай қарайды, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында сенім сақталып қалды ма, компанияның өміршеңдігіне ұжымның сенімі қаншалықты әсер етеді, даму стратегиясын әзірлеуде қызметкерлердің қатысуы қажет пе, қазақстандықтардың еңбек шартына қаншалықты көңілі толады, жұмыс беруші-компанияны таңдауда еңбекақы ғана әсер ете ме, ҚР аумағында қай компания HR-бренд атағына лайық. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы және өзге де сұрақтардың жауабы мемлекеттің әлеуметтік әл-ауқатын айқындайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Байқаудың нәтижелері 2011 жылы ақпан айының 24-25 күндері «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастамасымен өткізілетін VI Халықаралық адам ресурстарын басқару конференциясы барысында мәлімденбек.