Қазақстанда ең көп сатылған көліктің орташа құны қанша

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан азаматтары 282,5 млрд теңгеге 30 754 жаңа жеңіл көлік және жеңіл коммерциялық автомобиль сатып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «ҚазАвтоӨнеркәсіпке» сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, жеңіл көліктің орташа құны 8,8 млнтеңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6 пайызға өсті.Қазақстанда құрастырылған көліктер сегментінде бұл көрсеткіш орташа нарықтықдеңгейден айтарлықтай төмен болып, 6,6 млн теңге шамасында қалыптасты. Алимпорттық көліктердің орташа құны 10,9 млн теңге сомасында тіркелді.

«Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша сатыпалушылардың үштен біріне жуығы (29,3%) 5 млн теңгеден қымбат емесавтомобильдерді таңдады. 5-7млн теңгеге бағаланып, сатылған көліктің үлесі 19 пайызды (5 840 автомобиль) құрады», - делінгенхабарламада.

Көлік сатып алғандардың 13,9 пайызы (4 271 көлік) 7-10 млнтеңге аралығындағы автомашиналарға таңдау жасады.

Сонымен қатар, бизнес (10-15 млн теңге) әрі премиумсанаттағы (15 млн теңгеден жоғары) сегменттер жаңа көліктер нарығындасәйкесінше 26,9 пайызды (8 275 көлік) және 10,9 пайызды (3 348 көлік) қамтыды.

Ең қолжетімді жеңіл модельдер рейтингінде ұсыныстардыңжартысы Қазақстандағы автоөндірушілерге тиесілі. Мәселен, бағасы төмен көліктерарасында 3,1 млн теңгеден басталатын Lada Granta көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар