Байқауға ғимаратты басқарудағы энергия тиімді технологияларды, құрал-жабдық, басқару үрдістерін пайдалана отырып, сәтті іске асырған тұрғын үй мен қоғамдық ғимарттар иелері, коммерциялық ұйымдар қатыса алады.
Тәуелсіз эксперттік комиссия мүшелері жобаны энергетикалық және экономикалық тиімділікке, энерготиімді және техникалық шешімдердің қолжетімдігіне және оны басқа нысандарда іске асыру мүмкіндігіне қарап бағалайтын болады.
«Байқау аясында «Энерготиімді коттедж», «Энерготиімді көпқабатты тұрғын үй», «Энерготиімді әлеуметтік нысан» және «Энерготиімді коммерциялық ғимарат» аталымдары анықталды», - дейді БҰҰДБ/ГЭҚ және ҚР Үкіметінің ТҚШ энерготиімділігі жобаларының үйлестірушісі Александр Белый.
Оның айтуынша, байқауға өтініш қабылдау 2015 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өткізіледі.
Байқаудың басты мақсаты - ғимараттардағы энергия тиімділікті арттыру жөніндегі сәтті енген жобалар жайында ақпарат жинау және тарату.