Бұл туралы бүгін өткізілген баспасөз мәслихатында акцияны ұйымдастырушы, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева хабарлады.
Оның айтуынша, олар осы секілді байқауды 2005 жылы ҚР Гендерлік теңдік стратегиясы қабылданғаннан кейін 2006 жылы өткізді. Конкурс ол кездері оң қоғамдық пікір тудырған еді.
«Енді біз бұл байқауды тағы да өткізіп отырмыз. Біз бүгінде қоғамдық сананың қаншалықты өзгеріске ұшыраған көргіміз келеді. Негізгі мақсат - басшылардың қаншалықты оны білетіндігін және гендерлік саясат стратегиясы қаншалықты өз деңгейінде ұсталып отырғанын анықтау мақсатында Қазақстанда гендерлік саясаттың жүзеге асырылуымен қоғам өкілдерін ақпараттандыру», - дейді акцияны ұйымдастырушы Р.Сәрсембаева.