деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов pm.kz сайтына.
«Елбасының тапсырмасы бойынша біз жұмыс тобын құрдық, қазір іс-шаралар жоспарын әзірлеудеміз, енді 2013 жылдан бастап еңбек заңдылықтары бойынша жалпыға бірдей оқытумен айналысатын боламыз», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, іс-шаралар жоспарына семинарлар, дөңгелек үстелдер, барлық кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесулер енгізілген. 3 жыл ішінде жалпыға ортақ оқытумен барлық ірі жіне орта кәсіпорындарды қамту жоспарланған.
Бұл жұмыскердің құқықтық сауатын арттырып, еңбек дауларының алдын алып, оның бастапқы кезеңінде-ақ жоюға мүмкіндік беретінін де вице-министр атап өтті.
«Жұмысқа орналасқан жұмыскер өз құқықтарын, өзінің қызметі еңбек келісімімен реттеліп, еңбек қатынастары тіркелгенін білуі қажет», - деп баса айтты Б.Нұрымбетов.
Сондай-ақ, вице-министр жұмыскердің еңбек шарты аумағынан шығып кетуі мүмкін кепілдіктер, қосымша жеңілдіктер мен шаралар ашық көрсетілетін еңбек келісімін жасауға қатысуы қажеттігін айтты.
Бұдан басқа, еңбек дауларының алдын алудың қосымша шаралары ретінде, Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясына сай, анағұрлым жоғары жеделдіктегі тексерістерді айтуға болады.
«Бүгінде мемлекеттік еңбек инспекторы құқық бұзушылық туралы ақпар алынған кәсіпорынға жай ғана келіп, анықталған құқық бұзушылық туралы жұмыс берушіге ескерту жасап, кемшілікті жою туралы хат жазып кетуге мүмкіндік алуы керек. Бұл бүгінгі күнге дейін болмаған алдын алу шарасы болмақ», - деді Б.Нұрымбетов.