Қазақстанда еңбекақы төлеудің жаңа моделін енгізу қарастырылып жатыр

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ебекақы төлеудің жаңа моделінің жобасын әзірледі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Серік Әбденов айтты.

«Министрлік еңбекақы төлеудің жаңа моделінің жобасын әзірледі. Ол қазір ҚР Үкіметінің деңгейінде талқылануда. Жаңа модельді енгізу - жеке және мемлекеттік сектордағы жұмысшылардың еңбекақы төлеу деңгейіндегі алшақтығын азайтуға мүмкіндік бермек»,-деді министр.

Сонымен қатар, бұл жаңа қадам мемлекеттік қызметтердің мәртебесін ары қарай арттыруға ықпал етіп, нәтижесінде халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы артпақ.