Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бүгінгі күні электр энергетикасы саласында 114 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде энергия өндіретін, энергия беретін және энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдарда 70 мыңнан астам адам қызмет етеді. «Ал энергетика саласындағы сервистік қызметте 30 мыңнан жұмыс істейді. Бұдан бөлек, энергетика саласында жұмысты ұйымдастыру үшін жыл сайынғы қажеттілік 6,5 мың адамды құрайды. Яғни, жыл сайын энергетика саласындағы жұмысты сенімді қамтамсыз ету үшін және саланы дамыту үшін 6,5 мың маман осы салаға баруы керек», - деді министр В. Школьник.
11:36, 26 Қаңтар 2015
Қазақстанда энергетика саласын дамыту үшін жыл сайын 6 мыңнан астам маман қажет - В. Школьник
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанның энергетика саласын дамыту үшін жыл сайын 6 мыңнан астам маман қажет. Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.