АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Биылғы шілдеден бастап, яғни, енді жыл сайын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатты табысты орындау тұрғысында облыс және Астана мен Алматы әкімдіктерін жылдың қорытындысы бойынша бағалайтын болады.
Аталған бағалау шаралары «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» жаңа Заңға сәйкес жүргізіледі.
Үкіметтің тиісті қаулысының жобасын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірледі, деп хабарлайды аталған министрліктің ақпарат басқармасы.
Атап айтқанда, әкімдіктердің энергия үнемдеу мен тиімділік саясатын табысты жүзеге асыруы еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.