Бұл туралы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл «KEGOC» АҚ электр энергиясын жинақтағыштар бойынша зерттеулер жүргізеді. Зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық, техникалық және географиялық факторларды ескере отырып, энергия жүйесінде дискілерді орналастырудың оңтайлы моделін анықтау мүмкіндігі пайда болады. Жинақтағыштарды қолдану - ЖЭК генерациясының ауытқуларын өтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қуат теңгерімінде, әсіресе кешкі жүктеме максимумы сағаттарында қосымша реттеу қуатын қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Б. Қажиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, «KEGOC» АҚ ЖЭК интеграциясын модельдеу бойынша бірқатар зерттеу жүргізді. Модельге салынуы жоспарланған ЖЭК-ті қоса отырып, Power Factory бағдарламалық кешенінде Қазақстан Бірыңғай энергетика жүйесінің (БЭЖ) математикалық моделі құрылды. Бұл ЖЭК-тің желілердің өткізу қабілетіне ықпал етуін зерттеуге мүмкіндік берді. PLEXOS бағдарламалық кешенінде энергия жүйесінің маневрлік резервтердегі қажеттіліктерінің үлгісі жасалған, сонымен қатар ЖЭК объектілерін интеграциялаудың ең жақсы әлеуеті мен техникалық мүмкіндігі тұрғысынан ЖЭК-ті орналастыру үшін неғұрлым тиімді алаңдар алынған.
«Компания ЖЭК объектілерінің генерациясын болжау жүйесінің мүмкіндіктерін зерттеуде. Қолданыстағы ЖЭК объектілерін тарта отырып, болжау сапасын арттыру жөніндегі ілкі жоба аяқталу сатысында», - деді компания басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, KEGOC жаңа маневрлік қуаттар қашан салынатынын жариялады.
https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-zhana-manevrlik-kuattar-kashan-salynatyny-belgili-boldy_a3751038