Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қазақстанда еріктілікті дамыту: халықаралық тәжірибе» атты конференция барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Public Association BOLASHAK" қауымдастығының басқарма төрағасы Фархад Қасеновтың айтуынша, қазақтың қонақжайлылығымен қатар, ағайынға көмек қолын созатын жақсы дәстүрі бар. "Бұл дәстүр қазір де ұмытылған жоқ. Алайда халықаралық нұсқасы еріктілік болып табылатын осы салтты еріктілікпен ұштастырып дамыту қажет. Өйткені еріктілік бізде өте төмен деңгейде қалып отыр", дейді Ф.Қасенов.
Оның айтуынша, еріктілік шарасы қазіргі жоғары оқу орындарындағыдай күштеп жүргізілмеуі керек. "Бұл еріктілікті дамытпайды. Оның жоғалуына әкеп соғады", дейді ол.