АҚШ делегаттары елдің төрт өңіріндегі және Астана мен Алматы қалаларындағы 65 сайлау учаскесінің жұмысын бақылады. Олар сайлаудың өткізілу барысына қатысты алдын ала мәлімдеме жасады.
«Жалпы алғанда, біз барлық аралаған учаскелерде сайлау үдерісі жақсы ұйымдастырылды және ашық өтті деген баға береміз. Дауыс беру кезінде кейбір ұйымдастырушылық қателіктер болғаны рас, бірақ олар сайлау комиссиясының тиімді қызметі жайындағы жалпы түсінікке әсер ете алмады»,-дейді ол мәлімдемеде тәуелсіз бақылаушылар миссиясының солтүстік америкалық өкілдері.
«ҚР Президентінің сайлаудағы жеңісінен кейін елде еркін, әділ және бәсекелі президент сайлауын өткізуге барлық техникалық жағдайлар, сондай-ақ қажетті құқықтық-нормалық базаның жасалғандығы анық, әрі түсінікті болды»,-деп атап көрсетті Р. Вайтс.