Қазақстанда ерлер күні 23 ақпан емес, 7 мамыр - Н.Назарбаев

Фото: None
АҒАНДЫ. 4 мамыр. ҚзаАқпарат /Валентина Елизарова/ - "Қазақстанда ерлер күні 23 ақпан емес, 7 мамыр", - деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күні қарсаңындағы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары кезінде.

«Біздер, қазақстандықтар үшін, Отан қорғаушылар күні 7 мамыр болып табылады. 23 ақпан емес, 7 мамыр. Бізді қай күні құттықтау керектігін әйел қауым білсін. Біз оларды 8 наурызда құттықтаймыз. Ал олар бізді 7 мамырда құттықтауды ұмытып кетеді», - деді Н.Назарбаев. "7 мамыр - ерлер күні, Отан қорғаушылар күні", - деді Президент.

«Сондықтан да мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында аймақтағы әскери бөлімде болып, әскери қызметшілерді құттықтап, оқу-жаттығуларын көріп, біздің әскерлердің әскери дайындығын сыннан өткіздім», - деп қосты ҚР Президенті.

Осыған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің бірқатар нысандарын аралап көрді. ҚР Президенті - ел Қарулы күштерінің Бас Қолбасшысы Қарағанды әскери гарнизонының әскери даярлығы мен инфрақұрылымымен танысты. Ол әуе базасы мен резервтің әскери қызметшілерін дайындайтын «Спасск» оқу орталығында болды. Спасск полигонында Президент бандылық құрылымдарды жоюға бағытталған тактикалық оқу-жаттығулардың барысымен танысты.