«Біз статистикалық мәліметтерді жіті бақылап отырамыз. Бізде ерлер мен әйелдер жалақысының арасында айырмашылық бар. Мәселен, 2005 жылы айырмашылық 61 пайызды, ал 2012 жылы 69 пайызды құрады. Яғни, көрсеткіш артып келеді», - деді ол.
Л.Ибрагимованың атап өтуінше, еліміздің Еңбек кодексінде әйелдердің құқығын қорғау жан-жақты қарастырылған. «Өздеріңіз де білетіндей, бізде жүктілігіне байланысты еңбек демалысына шыққан әйелдерді қысқартпаймыз. Біз омырауда баласы бар әйелдерге сәбиін әрбір үш сағат сайын тамақтандыруы үшін уақыт береміз. Осы шаралардың барлығы әйелдердің тек кәсіби қызметін атқаруымен қатар, отбасына да қамқорлық жасауына зор мүмкіндік жасайды», - деді қор басшысы.
Сонымен қатар ол жоғары деңгейдегі басқарушылық қызметтегі әйелдер саны елімізде аз екендігін, дегенмен бұл әлемдік тенденция екендігін баса айтты.
«Мәселен, Францияда заң бар. Оған сәйкес акционерлік қоғамның директорлар кеңесінде қанша әйел болуы керектігі нақты айқындалған. Дегенмен, меніңше, мұндай түбегейлі өзгерістер біздің елімізге қажеті жоқ», - деді Л.Ибрагимова.