ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділ Шаяхметов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«4-5 жыл бұрын Қазақстанның көршілес мемлекеттері тарапынан біздің еліміз аумағында террористік базалар бар дегенге саятын ақпараттар таратылған еді. Осыған орай, 2004 жылдан бастап Жамбыл, Семей, Павлодар облыстарында тиісті шаралар атқарылып, террористік ұйымдарға қатысы бар бірқатар азаматтар ұсталды. Расында, кезінде Жамбыл облысына қарасты өңірлерде террористік базалар бар деген мәліметтер жарияланған болатын. Мұндай ақпараттарға қатысты мұқият тексерулер, жіті қадағалау шаралары жүргізілді. Осы өңірлерде лаңкестік ұйымға қатысы бар азаматтар ұсталғанымен де, ондай базалардың болмағандығын нақты анықтадық», деді Ә. Шаяхметов депутаттар сауалына жауап беру барысында.