деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуразия ұлттық университеті мен Мәскеу мемлекеттік университеті бірлесіп шығарып отырған математикалық журналдың үш бірдей редакторы бар. Олар - Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мұхтарбай Өтелбаев, Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий және Кардиф университетінің профессоры, орыс ғалымы Виктор Буренков. Басылымның редакция алқасына Германия, Үндістан, Испания, Италия, Канада, Қытай, Түркия, АҚШ, Жапония, Франция, Швеция және Чехияның белгілі математик-ғалымдары кіреді. «Еуразия математикалық журналы» жылына төрт рет ағылшын тілінде жарық көреді.