Қазақстанда FAW жүк көліктерінің шығарылуы - екі елдің транзиттік әлеуетін арттыра түседі - Джун Фан
«Біздің бұл жобамыз Батыс Қытай - Батыс Еуропа жобасы аясында іске асырылып отыр. Ол Қазақстан мен Қытайдың транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Биыл наурыз айында «Астана Моторс» компаниясымен арада қол қойылған меморандум өзара тиімді ынтымақтастықты, сыйластықты және өзара сенімді көздейді. Бұл ынтымақтастық екі елдің бизнес саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі. Сәйкесінше, екі ел арасында тығыз коммерциялық байланыстардың орнауына, инвестиция мен технологиялар трансфертінің артуына септігін тигізеді», - деді Джун Фан мырза.
Айта кетелік, «Астана Моторс» ҚМК және China FAW корпорациясы арасындағы келісім Алматыдағы «Hyundai Com Trans Kazakhstan» кәсіпорнында FAW маркалы ауыр коммерциялық жүк машиналарын құрастыруды көздейді. Олар: көтергіштігі 25 тоннадан бастап 40 тоннаға дейінгі жүкті өзі аударғыш машиналар және автобетонараластырғыштар.
Үстіміздегі жылдың өзінде компанияның автокөлік құрастыру кәсіпорны FAW коммерциялық техникасының 25 бірлігін шығаруды, 2016 жылда - 180 бірлігін және 2017 жылда - 300 бірлігін шығаруды жоспарлап отыр.