«Қазақстанның футбол федерациясы 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік футболшылар, бапкерлер және менеджерлерді салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады. Шара 11 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді», делінген хабарламада.
Марапаттау рәсімінде ерлер және әйелдер футболы, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады. Салтанатты шараға футбол ардагерлері, БАҚ өкілдері, шоу-бизнес, телеарна, кино мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.