Қазақстанда Gakku TV музыкалық телеарнасы хабар тарата бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап қазақстандық музыкаға арналған Gakku TV телеарнасы іске қосылды.

«Gakku TV - бұл қазақстандық музыкаға арналған жалғыз арна. Мұнда көрермендер бұрынғы мен бүгінгі Қазақстан эстрадасы әншілерінің үздік әндерін тыңдай алады. Gakku TV қазақстандық эстраданың антологиясы болып табылады», - делінген арнаның ресми сайтында таратылған хабарламада.

Gakku TV Отау ТВ желісінде қолжетімді.