«1990 жылдардың аяғына дейін Қазақстанда гандбол ойыны мүлдем жоқ деуге болатын. Бірнеше жылдың ішінде Қазақстан гандбол бойынша Азия құрлығындағы көшбасшылар қатарынан көрінді. Бұл Гүлнар Тұрлыханова басқаратын Қазақстандағы гандбол федерациясының ерен еңбегі арқасында. Қазақстандық гандболшылары бүгінде бүкіл Азия көшбасшылары саналады»,- деді Азия гандбол федерациясының атқарушы директоры.
Еске сала кетейік, еліміздің гандболдан қыздар құрамасы 3 рет Азия чемпионы атанды. Қазіргі кезде Азиядағы көшбасшы құрамалардың бірі саналады.