Қазақстанда «ғарыштық» журналистердің пулы құрылуда

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі елдің ғарыштық қызметі туралы жаңалықтар тарату үшін журналистер пулын құру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттациясын өткізуде.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиевтің атап өтуінше, журналистік пулдар көптеген мемлекеттік органдарда, соның ішінде Қазғарышта да пайда болды.

Бүгінде Қазғарышта аккредиттациядан отызға жуық бұқаралық ақпарат құралы өтті, соның ішінде Қазақстанның жетекші телеарналары, баспасөз басылымдары, интернет-ресурстары, сондай-ақ халықаралық БАҚ-тардың өкілдері бар.

Қазғарыш журналистерді алдағы аптада өтуі тиіс ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2012 жылғы жұмысының қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісіне шақыратын болады.