Қазақстанда гендерлік теңдік мәселесін жетілдіру жөнінде журналистік желі құрылатын болады

None
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанда гендерлік теңдік мәселесін жетілдіру жөнінде журналистік желі құрылатын болады,

деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясымен бірге ҚР-дағы Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен 27-28 қыркүйек күндері гендерлік теңдік мәселесін жетілдіру жөнінде (басылым және телеарна БАҚ журналистері үшін) оқу семинарын өткізеді. Тренинг қорытындысы бойынша, гендерлік тақырыпты жазатын журналистер қауымынан журналистік желі құру жоспарлануда», - делінген баспасөз баянында.