деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясымен бірге ҚР-дағы Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен 27-28 қыркүйек күндері гендерлік теңдік мәселесін жетілдіру жөнінде (басылым және телеарна БАҚ журналистері үшін) оқу семинарын өткізеді. Тренинг қорытындысы бойынша, гендерлік тақырыпты жазатын журналистер қауымынан журналистік желі құру жоспарлануда», - делінген баспасөз баянында.