деп хабарлады «Ұлттық биотехнология орталығы» АҚ бас директоры Ерлан Раманқұлов pm.kz сайтына.
«Қазір ҚР Парламенті Мәжілісінде гендік түрлендірілген организмдер мен өнімдерді жасау, айналымға жіберу және тасымалдауды реттейтін заң жобасы қарастырылуда. Жыл ішінде барлық қажетті келісулер мен талқылаулар өткізіледі. Сөйтіп, жұртшылықты, табиғат пен экономиканы қорғайтын гендік-инженерлік конструкциялар мен организмдер туралы заң қолымызға тиетін болады», - деді Е.Раманқұлов.
Сонымен қатар, ол гендік-инженерлік қызметті пайдалануды әр түрлі тараптан реттейтін басқа да жекелеген заңдар бар екенін атап өтті.
«Оларды бірыңғай конгломератқа біріктіру қажет. Заңның болмауы импортерлерге құрамында гендік-инженерлік қызмет бар өнімдер мен конструкцияларды қажетті таңбасыз сатуға жол ашуы мүмкін», - деп қосты орталық басшысы.
Заң өнімде қажетті таңбаның болуына баса назар аударып, осындай түрдегі барлық организмдер тізілімдерін тіркеу мәселесін реттеуге мүмкіндік беретінін баса айту қажет. Сонымен қатар, республикада гендік түргендірілген организмдерді реттеу жұмыстары да нақты жүргізілетін болады.