Ахмедов GGG Promotions клиенті және Головкинмен бір командада жаттығады.
«Геннадий GGG Promotions-ке басқа да боксшыларды алғысы келеді. Онда GGG Promotions-ке жазылған Али Ахмедов бар. Али – үлкен дарын иесі. Ол Джонатон Бэнкспен және Геннадиймен жаттығып жүр. Егер Головкин GGG Promotions-ке жаңа боксшыларды алғысы келсе, үлкен табысқа қол жеткізеді. Себебі, боксшылар Геннадийдің жетістігін құрметтейді.
Әли әлем чемпионы атағына көп уақыт өтпей-ақ қол жеткізеді деп ойлаймын. Оның қарқыны жақсы және Джонатонның қоластында біраз дүние үйренді. Оған жаңа қарсыластар керек», - деді Леффлер Under the Hand Wraps-ке берген сұхбатында.