Қазақстанда ғылым және технологиялық саясат туралы арнайы заң қабылданды
20:58, 01 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Президент бүгін сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.