Депутаттар сауалына жауап бере келе, министр ауыл шаруашылығы секторын ғылым мен білім саласына интеграциялау мәселесіне де тоқталды. «Біз осы бағыттағы реформа мәселесін көтеріп келеміз, аграрлық ғылымды дамыту тұжырымдамасы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, белсенді қаралу үстінде. Біздің ұсынысымызға дөп келетін тапсырмалар берілді, оған сәйкес, аграрлық мәселелер бойынша ғылым мен білім беру кешені құрылады», - деді А. Мамытбеков.
Министрдің айтуынша, аталған холдингтің құрамына университеттерден бастап, ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибесі мол шаруашылықтар мен оқу орталықтары шоғырланатын болады. Аграрлық ғылымды реформалау туралы бұндай ұсыныс осыдан бір жыл бұрын Үкімет басшысына жолданған.
«ҚазАгроииновация» компаниясы өзін-өзі толық жойып болды дегенге мен де толық келісемін. Ал жоғарыда аталған тұжырымдамаға сәйкес, осы кәсіпорынды тарату қарастырылады. Осыған орай, біз министрлік пен аграрлық ғылым арасын ешқандай делдалдарсыз-ақ күшейтіп, департаменттің рөлін арттырып, сол қаржыландыруды тікелей бере алар едік. Шындығында, «ҚазАгроинновация» осыдан 7-8 жыл бұрын құрылды, бюджеттік комиссия бөліп берген бюджет қаражатын алып, министрлік пен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы «қатпар» құсап құрыдан бекер отыр», - деді А. Мамытбеков.