Үйлерді аралау 30 қазанға дейін жалғасады. Оған 22 мыңнан астам адам тартылған. Сұхбат алушылардың міндеттеріне елдің қалалары мен ауылдарындағы үй шаруаларына жаппай сауалнама жүргізу кіретін болады. Сондай-ақ, 15 қазанға дейін онлайнсанақ үшін барлық сервистер қолжетімді болмақ.
Санақ туралы, оның ішінде сұхбат алушы киімінің ерекше элементтері туралы толық ақпаратты Sanaq.gov.kz ресми сайтынан, сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша алуға болады.
Санақ нәтижелері үй шаруаларының жағдайын, неке-отбасы қатынастарын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет.
Бұған дейін Қазақстанда 6 миллионнан астам адам онлайн санақтан өткені туралы хабарланған болатын.