Алғашқы жартыжылдықтағы алдын ала мәліметтер бойынша халықтың жалпы саны 16,149 миллион адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес халық санының өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында - 26,2 мың (облыс халқының саны 2,46 миллион), Астанада - 21,9 мың (705,9 мың), Алматыда - 15,3 мың (1,42 миллион), Алматы облысында - 14,4 мың (1,7 миллион), Маңғыстау облысында 9,8 мың (456,1 мың) адамды құрап отыр.
Сонымен қатар бірқатар облыстардың тұрғындары санының кему үрдісі де байқалды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы - 1,6 мың, Ақмола облысы - 953, Қостанай облысы 763 адамға кеміген.