Ұлттық банктің мәліметінше, осы жүйелер арқылы жіберілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 2021 жылы 1,364 трлн теңгені құраған.
Транзакциялар саны – 4,3 млн.
2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21%-ға өскен.
Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 28,3%-ға артса, шетелден Қазақстанға – 1,2%-ға қысқарды.
Ел ішіндегі ақша аударымдарының көлемі 35,4%-ға ұлғайып, 70,4 млрд тенгені құрады.
2021 жылы Қазақстаннан шетелге ХААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарының көлемі 1,010 трлн теңге болды.
Шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының негізгі үлесі Өзбекстанға (29,5%), Түркияға (20,9%), Ресей Федерациясына (17,5%), Қырғызстанға (14,3%) тиесілі. Шетелден Қазақстанға өткен жылы 283,5 млрд теңге келіп түскен.
Қазақстанға ақша аударымдары негізінен Ресей Федерациясынан (18,7%), Өзбекстаннан (17,6%), Оңтүстік Кореядан (14,0%), Қырғызстаннан (12,0%) және АҚШ-тан (11,8%) болды.