Қазақстанда «Хайдук» - «Шахтер» матчы көрсетілмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сплитте болатын қарағандылық «Шахтердің» «Хайдукка» қарсы матчын телевизиялық эфирде көрсетілмейді, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі. «Хабар» агенттігі Еуропа лигасының плей-оффқа шығу матчын трансляциялау құқығын хорваттардан сатып алған «СпортФайв» неміс компаниясымен келісе алмады.

«Хабар» агенттігі» АҚ спорт бағдарламаларының продюсері Асқат Жақаевтың сөзіне қарағанда, «Сплиттен матчты көрсету құқығын сатып алу туралы келіссөздер бір апта жүргізілді, алайда ол нәтиже бермеді - тараптар ортақ бағаға келе алмады».

«Біз хорваттарға хабар алмасуды ұсындық, алайда «Хайдук» құқығын Германиядан келген компанияға сатты. Ал біз ұсынған баға, аз сома ұсынбасақ та, олардың көңілінен шықпады», - деп мәлімдеді Асқат Жақаев.

Еске сала кетейік, Еуропа Лигасындағы үшінші квалификациялық раундтағы «Шахтерге» кезекті матч бүгін, 7 тамыз күні өтеді. Бұл кездесу Астана уақыты бойынша 23:30 кезінде басталады, деп жазады vesti.kz.