Министрдің айтуынша, жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілген, олар: заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылым мен адами капиталды дамыту.
Құқықтық блокқа ҚР Конституциясындағы азаматтардың цифрлық құқықтары туралы нормалар, цифрлық кодексті, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік туралы заңдарды қабылдау, телекоммуникациялар және дата-орталықтар туралы заңнаманы жаңарту, сондай-ақ Digital Kazakhstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту кіреді.
Инфрақұрылымдық бөлімде суперкомпьютерлік қуаттар іске қосылды, «ДӨО алқабы» кеңейтілді, Транскаспий ТОБЖ төселіп, талшықты-оптикалық желі 3 мыңнан астам ауылға жеткізілді. 90%-дан астамы онлайн-форматқа ауыстырылған мемлекеттік қызметтер саласында жасырын сервистерді цифрландыру және ХҚКО-ларды халықтың цифрлық кеңселеріне айналдыру жалғасуда – бүгінде елімізде 9 AI-ХҚКО жұмыс істейді.
— Біз ХҚКО-ларға бару біртіндеп азайып келе жатқанын көріп отырмыз: егер былтыр бір жылда оған 15 млн-ға жуық азамат хабарласқан болса, биыл бұл көрсеткіш 35-40%-ға төмендеді. Үрдіс одан әрі жалғасуда,— деді Жаслан Мәдиев.
Электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 194 ел арасында 16-шы орынды иеленді. Адами капиталды дамыту көзделетін үшінші блок шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге арналған бағдарламаларды қоса алғанда, цифрлық дағдыларды оқыту бойынша білім беру бастамаларының негізгі бөлігі іске қосылды.
Айта кетейік, бұған дейін ХҚКО-ға жүгінудің 79 пайызын құрайтын 10 қызмет онлайн форматқа көшірілгенін жаздық.