«Консультанттар» («Консультанты») деп аталатын тележобаны Қанағат Мұстафин мен Ренат Қосай түсіріп жатыр. Фильмнің сюжеті әділдікті ту еткен Арман есімді жігіттің төңірегінде өрбиді. Осы шыншылдығының арқасында жұмысқа тұрақтай алмай жүрген ол бірде ХҚКО-на маман болып орналасады.
Басты рөлде Меруерт Түсіпбаева ойнайды. 15 сериядан тұратын теленовелла биыл қазан айынан бастап «Хабар» арнасында көрсетілмек, деп хабарлайды kinostan.kz.