Есепті кезеңде мұнша өнім өндірілген: 132 617 тонна сүт (өткен жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 14,5 процент жоғары), ұн - 1 138 027 тонна ( 23,7 процент), нан - 189 036 тонна ( 6,7 процент), жарма - 20 267 тонна ( 21,4 процент).
01:12, 13 Сәуір 2018
Қазақстанда I тоқсанда ет өндірісі 15,5% артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 63 631 тонна ет өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5 процент жоғары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтемемен.