Қазақстанда «Имам» тегін таксиі пайда болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Имам» деп аталатын тегін такси қызметі пайда болды. Оның жүргізушілері - діндар адамдарды тарауық намаздарынан кейін үйге жеткізетін қалалық мешіттердің имамдары, деп хабарлады Islam-today.ru.

Қасиетті Рамазан айында ең игі істердің бірі ретінде осындай қызметтің қажеттігі туралы мәлімдемені талай рет Діни басқармаынң Бас  мүфтиі Ержан қажы Маямеров жасаған.

Жобаның жүзеге асырылған алғашқы жері - Шығыс Қазақстан облысы. «Тарауық намазы кешкі уақытта өтеді. Көптеген діндарлар такси қызметін жалдай алмайды. Сондықтан біз бұл идеяның Рамазан мәніне тамаша сәйкес келетінін шештік.

Такси жұмысы басталғаннан-ақ ерекше танымал болды. Оған қоса, мешіттегі тарауық намазына қатысқысы келетіндердің саны да өсіп келеді», - дейді «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұхарай.