Оның мақсаты - иммундаудың қоғамның саулығы мен амандығы үшін маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Барша әлемде вакциналау жұқпалы аурулармен күресудегі үнемді, қолжетімді әрі тиімді құрал ретінде танылған. Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 21 жұпалы ауруға қарсы халықты вакцианалау тегін жүргізіледі. Еліміздің Ұлттық егу күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының (ДДСҰ) ұсынымдарына сай келеді. Халықты иммундау тегін жүргізіледі. Вакциналау үшін ДДСҰ сертификаттаған, сапасы кепілдендірілген вакциналар қолданылады.
«Атап өту керек, вакциналаудан бас тарту - еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мембағдарламасының аясында Ұлттық иммунологиялық профилактика регистрін жасау мен енгізу, жұқпалы ауруларды ескерту мен олардың алдын алу бойынша қоғамды әлеуметтік жұмылдыру бойынша жоспарды жүзеге асыру, еліміздің барлық өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мен оны бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр»,-деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамы министрлігінің хабарламасында.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі СӨС Ұлттық орталығы Бүкіләлемдік иммундау апталығы аясында өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша ұсынымдарды әзірледі.
Осы ретте, білім беру ұйымдарында «Аурулардың алдын алудағы иммундаудың маңызы», «Арнайы және арнайы емес вакциналау деген не?» тақырыптарына дөңгелек үстелдер өткізу, «Вакцина ма, әлде ауру ма? Қайсысы дұрыс?» тақырыбына байқау, сондай-ақ жетекші медициналық мамандарды шақыру арқылы «Вакциналау - аурудан қорғану», «Вакциналаумен бірге сапалы өмір» тақырыптарына конференциялар, дебаттар мен пікірсайыстар өткізу ұсынылды.
Бүкіләлемдік иммундау апталығы аясында өткізілетін шаралар ең алдымен, халық арасында иммунопрофилактикаға деген сенімді көзқарас қалыптастыру, халықты, медицина қызметкерлерін иммунопрофилактиканың қауіпсіздігі, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі және қоғамды иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдары туралы ақпараттандыру шараларына бағытталған.