АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстандағы Индонезияның мәдени күндерінің ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы Ақордада Индонезия Президентімен келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
«Өткен жылы Юдойоно мырзамен уағдаласқанымыздай, бүгін Қазақстандағы Индонезияның мәдени күндерінің ашылу рәсімі өтеді. Ол дипломатиялық қарым-қатынастар тарихында алғаш рет өткізіледі. Мұны қазақстандықтар зор қызығушылықпен бақылайды деп ойлаймын», - деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесы жылы Индонезияда Қазақстанның мәдени күндері өтетіндігін әрі ол өзара мәдени байланыстарды нығайта түсетіндігін баса айтты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.