«Проинфляциялық тәуекелдердің күшеюін ескерсек, Қазақстанның инфляция болжамы өсу жағына қарай қайта қаралуда. Биыл наурызда Қазақстанда инфляция 12%-ға дейін жеделдеп, 2016 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары мәнге жетті», - деді В. Тутушкин Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосқан, мұндағы баға өсімі 15,4%-ға дейін жеделдеген.
«Наурызда біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірден қымбаттап кеткенін байқадық, бұл Ресейден импорттауға тыйым салу аясында бірқатар азық-түлік тауарларының дефицитіне байланысты орын алды. Соның әсерінен наурыздың екінші аптасында азық-түлік тауарлары бағасы 5,6%-ға өсті. Осыдан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта ішіндегі өсімі наурыздың соңғы аптасында 1,3%, сәуірдің бірінші және екінші аптасында қатарынан 0,9% болып, біртіндеп тұрақтана бастады», - деді Ұлттық банк өкілі.
Бұған дейін В. Тутушкин Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай күрделі болатынын болжаған еді. Сонымен қатар наурыз айында ең жоғары инфляция тіркелген.