Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы шілде 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 41,4%, жармаларға - 27,3%, қантқа - 26,4%, шайға - 20,6%, нанға - 14,3%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге - 10,6%, кондитерлік өнімдерге - 9,7%, салқындатылған сусындарға - 9,1%, макарон өнімдеріне - 8,8%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға - 8,2%, жеміс және көкөніс шырындарына - 7,5%, күнбағыс майына - 7,4%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 6%, құс етіне - 5,8%-ға, жаңа жиналған жемістерге, мәйекті ірімшікке - 5,5%-дан белгіленді.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 13,4%, шикі сүтке - 8,2%, жаңа жиналған көкөністерге - 9,5%, айранға - 0,7%-ға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 13,1%, тұрмыстық аспаптарға - 8,2%, жеке қолданатын тауарларға - 7,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 7,5%-дан, тоқыма бұйымдарына - 6,2%, автомобильдерге - 6%, киім және аяқ киімге - 4,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 3,1%-ды құрады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,7%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің - 7,5%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің - 4,2%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 4,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 2,4%-ға өсті.
Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 22,3%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне - 14,1%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен - 7,6%-ға жоғарылады.
«Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,3%, суық суға - 12,4%, қоқыс шығаруға - 11,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 7,8%, орталықтан жылытуға - 7,3%, электр энергиясына - 4,9%, ыстық суға - 4,4%-ға өсті», - делінген хабарламада.