Қазақстанда инсулиндік помпаға мұқтаж балалар онымен толық қамтамасыз етілген
02:51, 03 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда инсулиндік помпаға мұқтаж барлық балалар онымен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда қорда пайдаланылмаған жаңа помпалар жеткілікті, деп хабарлады бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жаңа пациенттерге қажеттілік туындаған жағдайда бюджет қаражатына тимей, жаңа құрылғыларды да сатып алуға мүмкіндік қарастырылған.
Назар аударатын жайт - помпалар ұзақ мерзімге қойылатындықтан (5 жылдан ары) қазірдің өзінде балаларға оны жиі сатып алудың қажеті жоқ.
Бұған қоса, амбулаторлық қамтамасыз етудің жаңа нормативтік-құқықтық акт жобасы бойынша инсулиндік помпа қойылған 18 жасқа дейінгі балаларға құрылғыны ауыстыру және оған кететін шығындардың барлығы мемлекет есебінен тегін қарастырылған.