«Ойын бизнесі саласындағы қылмыстар көрсеткіші бұл саладағы кірістің жоғарылығын көрсетеді. Сонымен қатар, заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстар саны да жыл сайын өршіп келеді. Айталық, қаржы полициясы органдары 2010 жылы - 34, 2011 жылы - 51, 2012 жылы - 483, 2013 жылы - 500-ден астам ойын бизнесі саласындағы қылмыстарды анықтаған», - деді агенттік басшысы. Оның сөзіне қарағанда, 2012-2013 жылдар аралығында елімізде 78 жасырын ойынхана анықталып, 208 заңсыз ойын автоматтары залдарының жолы кесілген. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 5 есеге артық. «Осыған орай, құқықтық ақауларды жоюды қарастырып отырмыз. Бұл ретте ең алдымен Азаматтық іс жүргізу кодексінде Интернет-казино қызметін заңсыз деп тану ұсынылады», - деді Т. Есентаев.
15:36, 04 Наурыз 2014
Қазақстанда Интернет-казиноға тыйым салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Интернет-казино қызметін заңсыз деп тану қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мәжілісте ойын бизнесі мәселелеріне арналған заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.