«Үкімет халқымыздың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін белсенді жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта халық арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейі шамамен 63 пайызға жетіп отыр. Интернет пайдаланушылар саны 12 миллионға жетті, бұл халықтың 70 пайызын құрайды», - деді Ә.Исекешев.
Министрдің атап өтуінше, сандық телевидениемен халықты қамту көрсеткіші 51 пайызға жетіп отыр. Ал жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 72 пайызға жеткізу жоспарда бар.
«2 жылдың ішінде біз халықты сандық телевидениемен қамту көрсеткішін 95 пайызға жеткіземіз», - деді ол.