«Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс күшіне енді. Соған сәйкес, енді инвестициялық дауларды бірінші инстанциядағы сот ретінде Астана қаласының соты қарайтын болады. Ал ең ірі инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды бірінші инстанциядағы сот ретінде ҚР Жоғарғы Соты қарайды. Бұрындары бұл даулар кәдімгі шаруашылық даулар ретінде мамандандырылған экономикалық соттарда қаралатын. Әрі қарай апелляция облыстық, қалалық соттарда қаралып жүрді. Бұл көп уақытты алатын. Ал енді кодекске енгізілген жаңа өзгерістер еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі», - деді Ғ. Мақажанова.
12:11, 03 Наурыз 2016
Қазақстанда инвестициялық дауларды шешу бойынша инвестициялық алқа құрылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда инвестициялық дауларды шешу бойынша ҚР Жоғарғы Сотында инвестициялық алқа құрылды. Бұл туралы бүгін Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясы ғимаратында «Процессуалдық заңнаманы жаңғырту - сот төрелігі мен құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» тақырыбында өтіп жатқан Халықаралық конференция барысында ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ғалия Мақажанова мәлім етті.