«Қазіргі уақытта біз заңнаманы ДСҰ талаптарына сәйкестендірудеміз. Біздерде 2017 жылдың 1 қаңтарынан еркін кеден қоймасы режімі жойылуы тиіс. Біз осы жылы, 2016 жылы аталған режімді, еркін кедендік қойма жеңлдікті режімін пайдаланатын біздің инвесторларымыз инвестициялық келісімшарттар режіміне көшіп, іс жүзінде сол кедендік жеңілдіктерді алу үшін барлығын жасауымыз қажет», - деді вице-министр қазіргі уақытта Парламент қарауында жатқан индустриалық-инновациялық қызметтер мәселесі жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу туралы заң жобасының нормаларын түсіндіре келе. Оның атап өтуінше, тағы бір жаңалық өндірушінің жауапкершілігін кеңейту болмақ. Бұл тәжірибе дамыған елдерде, Қазақстанның серіктестері Ресей мен Беларусьта баяғыдан бар. «Бұл - өндірушінің шығару, пайдалану, кәдеге жарату және қайта өңдеу жауапкершілігі. Пайдаланылғаннан кейін өз өнімдерін қайта өңдеуді өндірушінің өзі жүргізе алады немесе ол кәдеге жарату мен қайта өңдеу қаржыландырылатын арнайы қорға қаржы төлейді», - деді ол.
12:14, 18 Қыркүйек 2015
Қазақстанда инвестициялық келісімшарттар мен өндрушілердің кеңейтілген жауапкершілігі енгізіледі
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанда инвестициялық келісімшарттар мен өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.