Қазақстанда инвестициялық резиденттікті енгізу жоспарланып отыр
Вице-министр «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатты таныстырды.
«Заң жобасы аясында «инвестициялық резиденттік» түсінігі енгізіледі. Бұл өз кезегінде қарым-қатынас саласына қатысты болғандықтан, заңнамалық реттеуді талап етеді. Сондықтан да заң жобасында аталған саланы реттеу ұсынылады, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық кеңістігінде инвестициялық резиденттікті іске қосу ескеріледі. Осы орайда шетелдіктер мен халық миграциясының құқықтық ережесі туралы Қазақстан Республикасының барша заңнамасын қозғамай, бұл процесті іске асыруға мүмкіндік береді. Заң жобасымен «инвестициялық резиденттік бағдарламасы» түсінігі де енгізіледі. Оның аясында шетелдіктер инвестициясын қарастыратын шаралар кешені түсіндірілед», - деді Б. Шолпанқұлов.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында «жасыл қаржыландыру» түсінігі де бекітілген. Құжат нормасында «жасыл» облигациялар, «жасыл» несиелер, «жасыл» ипотека, «жасыл» сақтандыру секілді тетіктерді енгізу жолымен Қазақстанда «жасыл» қаржыландыру нарығын дамыту АХҚО-ның мақсаты болатындығы көрсетілген.
Бұдан бөлек, заң жобасында АХҚО сотына, сатып алулар саласына, еңбек қатынасы, сондай-ақ салыққа қатысты нақтылаушы түзетулер ескерілген.