Оның сөзіне қарағанда, аталған карта екі топқа бөлінеді, яғни инвесторларға ұсыну үшін перспективалы инвестициялық жобалар және инвесторлар тартылған жобалар бағытында жіктеледі.
«Бұл карта инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды мониторингілеудің басты тетігіне айналады, сондай-ақ инвестиция тартуда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың және әкімдіктер жұмысын бағалаудың тиімді жүйесі болады», - дейді министр.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің отырысында 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия бекітілді.