Қазақстанда Иранның ядролық мәселесі бойынша «алтылықтың» келіссөздері БАҚ үшін ашық болады

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - 26 ақпанда Алматыда өтетін Иранның ядролық мәселесі бойынша «алтылықтың» келіссөздері БАҚ үшін ашық болады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Жақын күндері ҚР Сыртқы істер министрлігі, Орталық коммуникациялар қызметі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған шараға Қазақстан мен шетелдік БАҚ-тың тіркелеуі жолдары жайында жалпы ақпаратты таратады. Меніңше, бұл ақпарат ағымдағы аптаның соңына қарай жария болады»,-деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Иран өкілдері мен Иран ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық араағайындық "алтылығы" (Ресей, АҚШ, Қытай, Германия, Франция, Ұлыбритания) өкілдері келіссөздерінің келесі кезеңі 26 ақпанда Қазақстанда өткізіледі.

Қазақстан өз жағынан аталған келіссөздерді қабылдауға дайын екенін жариялаған еді.