Осы орайда ол туристік жолдаманың 80 пайызын кәсіпорын төлесе, ал қалғанын жұмысшының өзі өтеуі тиіс екенін айтты. «Бұл кеңестік кездегі жақсы тәжірибе. Осы орайда ең бастысы - бұл жолдамалар тек Сарыағаш, Бурабай, Каспий теңізі секілді қазақстандық демалыс орындарына ғана арналуы керек. Біріншіден, адам демалады, кәсіпорын азаматты санаторийге жібереді. Екіншіден, біз еліміздің ішкі туризмін дамытамыз», - дейді ол.
Комитет басшысының айтуынша, осы тектес туристік сертификаттарды дамыту заңнамалық тұрғыда бекітіледі.
М. Иғалиев алдағы жылы комитет осы бастаманы ескере отырып, «Арнайы туристік аймақтар туралы» Заңды әзірлеуді бастайтындығын атап өтті.