Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы екінші оқылымда мақұлданған болатын.
Құжатта екінші деңгейдегі банктердегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейін төмендету, олардың несие қоржындарының сапасын жақсартуға мамандандырылған стрестік активтерді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ашықтығын арттыру шаралары қарастырылады. Бұдан бөлек, елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру, заңнамадағы Ұлттық банктің таратылған ведомстволарына сілтеме жасау нормаларын алып тастау, тұтынушылардың республиканың қаржы жүйесіне деген сенімін және олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыруға бағытталған ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
«Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бағытында исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойында түзетулер енгізілді. Осыған байланысты, исламдық мемелкеттік арнайы қаржы компаниясын құру қарастырылады. Оған исламдық бағалы қағаздар шығару құқығын беру көзделеді», - деді депутат Нұртай Сабильянов.